Chania
18
09.04.2024
Жамбыл облысы Қордай ауданынан Қостанай облысына 25 тонна гуманитарлық көмек келді

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған жүк "ЖҮРЕКТЕН - ЖҮРЕККЕ" қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жіберілді.

Гуманитарлық жүкті Қордай ауылының тұрғындары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және белсенді жастар жинаған болатын. Бүгін Арқалық қаласының тұрғындарына киім, гигиеналық құралдар, тұрмыстық заттар, азық-түлік: 3,7 тонна ұн, 2,7 тонна қант, 2,2 тонна макарон, 1,5 тонна күріш, 4,7 тонна көкөніс апарылды.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысының тұрғындарына көмектері үшін алғыс білдіреді.

Біз біргеміз!